Комедиялық драма
Комедиялық драма немесе драмеди[1][2] — бұл комедия мен драма элементтерін біріктіретін гибридті жанр. Кинода, сондай-ақ сценарийі бар телесериалдарда өлім, ауру, опасыздық, қайғы сияқты күрделі драмалық тақырыптар жеңіл немесе әзілге толы реңкті сақтай отырып, шынайылықпен және нәзік түрде шешіледі.[3][4]
«Драмеди» термині телевизия индустриясында 1980 жылдары қолданыла бастады.[5][6][7] Заманауи телевизиялық комедиялық драмалардың сюжеті драмалық сериалдарға қарағанда әзілге бай келеді, бірақ ситкомдар сияқты жиі әзілдей беру сипаты кездесе бермейді.
Тарихы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Ежелгі Грек театрында пьесалар комедия және трагедия (яғни драма) болып екіге бөлінген: біріншісі — бақытты аяқталатын жеңіл оқиғалар болса, екіншісі — қайғылы аяқталатын күрделі оқиғалар еді.[7] Бұл ұғым тіпті Рим театры мен эллинизм дәуіріндегі театр өнеріне де өз әсерін тигізді. Бұл дәуірдегі театр өнерінің ықпалы тіпті заманауи баяндаушы шығармаларда да ұзақ сақталған деп есептеледі.[8]
Тіпті бүгінгі күннің өзінде туындылар жиі екі үлкен санатқа — драмалар мен комедияларға бөлініп жіктеледі. Мысалы, кино мен телевизия саласындағы жетістіктерді бағалайтын «Эмми» және «Алтын глобус» сияқты көптеген беделді марапаттар бірқатар номинацияларды дәл осы екі санат бойынша бөледі.[9][10]
XX ғасырда комедия мен драма жанрын ұштастыратын фильмдер мен телевизиялық туындылардың саны күрт арта түсті. Америка кинематографиясында Чарли Чаплиннің «Сәби» (1921) фильмі комедия мен драманы біріктірген тұңғыш толықметражды фильм ретінде мойындалған.[11][12][13]
Тағы қараңыз
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ dramedy. Lexico. Oxford University Press. (2021). Басты дереккөзінен мұрағатталған 8 желтоқсан 2021.
- ↑ dramedy. Oxford Learner's Dictionaries. Oxford University Press. Тексерілді, 14 желтоқсан 2024.
- ↑ Del Greco, Fabio (2023). "Dramatic Comedy Films to Watch". Indiecinema. https://blog.indiecinema.co/dramatic-comedy/. Retrieved 26 November 2024.
- ↑ Seriously funny: why we fell in love with dramedies, The Guardian (11 May 2019). Тексерілді 6 желтоқсанның 2024.
- ↑ The Best And The Brightest Abc's Hooperman The Hands-down Winner Of The Best New Show Of The Year Introduces A New Format, "dramedy," While Slap Maxwell Reintroduces Dabney Coleman, Sun Sentinel (23 September 1987). Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2017 жылы. Тексерілді 24 қыркүйектің 2017.
- ↑ Meet the dramedy queens: the women who built TV's new golden age, The Guardian (5 March 2018). Тексерілді 7 желтоқсанның 2024.
- 1 2 Cathcart, Olivia (1 July 2021). "Rethinking the Dramedy: What Is It, Anyway?". Paste. https://www.pastemagazine.com/comedy/dramedy/rethinking-the-dramedy-what-is-it-anyway/. Retrieved 11 April 2022.
- ↑ Cartwright, Mark Ancient Greek Theatre. World History Encyclopedia. (14 July 2016). Тексерілді, 20 қаңтар 2024.
- ↑ 2022–2023 Emmy Awards: Category List. Academy of Television Arts & Sciences. (January 4, 2023). Тексерілді, 7 желтоқсан 2024.
- ↑ The Golden Globe Award Categories. Awardsandshows.com. (2022). Тексерілді, 7 желтоқсан 2024.
- ↑ The Kid (1921) // Chaplin:Genius of the Cinema — 1st. — New York: Harry N. Abrams — P. [109] (col. {{{columns}}}).. — ISBN 978-0810945326
- ↑ How Charlie Chaplin's The Kid Changed Cinema History. CBR. (June 16, 2021). Тексерілді, 6 желтоқсан 2024.
- ↑ The Kid (1921). FrenchFilms.org. (2009). Тексерілді, 6 желтоқсан 2024.