The White Stripes
| The White Stripes | |
| Мег Уайт пен Джек Уайт Испанияның Барселона қаласында өткен Primavera Sound фестивалінде, 2007 жыл. | |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Жанры | |
| Белсенділік жылдары |
1997–2011 |
| Мемлекет | |
| Қайдан | |
| Өлеңдерінің тілдері | |
| Лейблі | |
| Топ құрамы | |
| Басқа да жобалары | |
| whitestripes.com | |
The White Stripes — 1997 жылы АҚШ-тың Детройт қаласында құрылған америкалық рок-дуэт. Топтың құрамына мультиинструменталист, әнші әрі ән жазушы Джек Уайт және дабылшы Мег Уайт кірді. Топ 2000-жылдардың басында гараждық рок пен инди-роктың қайта өрлеуіне (garage rock revival) үлкен үлес қосып, осы жанрдың ең ықпалды ұжымдарының біріне айналды.
The White Stripes музыкалық сахнада өздерінің ерекше минималистік стилімен, тек қызыл, ақ және қара түстерді қолданатын эстетикасымен және блюз бен панк-рокты ұштастыратын дыбысымен танымал болды. Топтың үшінші альбомы White Blood Cells (2001) оларға әлемдік даңқ әкелсе, төртінші альбомы Elephant (2003) рок-музыканың заманауи классикасына айналды. Осы альбомдағы «Seven Nation Army» әні өзінің ерекше гитаралық риффімен әлемге танылып, спорттық шаралар мен фестивальдердің бейресми әнұранына айналды.[1][2]
The White Stripes-тың жанды дауыстағы өнер көрсетулері, ең алдымен, ауыр дисторшн, сондай-ақ акустикалық кері байланыс (feedback) пен овердрайвты шебер қолдануымен танымал болды. Дуэт сахнада барынша еркін әрі бейберекет ойнайтын; олар ешқашан өз концерттеріне арнап алдын ала сет-лист (әндер тізімін) дайындамайтын. Музыканттардың пікірінше, мұқият жоспарлау қойылымның шынайылығы мен кездейсоқтық әсерін бұзады.
Топ мүшелерінің өзара туыстық қатынасы ұзақ уақыт бойы жұмбақ болып келді. Мансаптарының басында Джек пен Мег өздерін немесе ағасы мен қарындасы ретінде таныстырған.[3][4] Алайда кейінірек олардың шын мәнінде ерлі-зайыпты болғаны және 2000 жылы ажырасқаны белгілі болды. Ажырасқандарына қарамастан, олар топты таратудың орнына бірге жұмыс істеуді жалғастырды
Өз мансабында The White Stripes алты студиялық альбом шығарып, бүкіл әлем бойынша 75 миллионнан астам жазба сатты. Топ алты мәрте Grammy сыйлығын иеленді, оның ішінде үш рет «Үздік баламалы (альтернативті) музыкалық альбом» номинациясын жеңіп алды.
2011 жылғы 2 ақпанда дуэт өздерінің таралатыны туралы мәлімдеді. Тиісті хабарлама топтың ресми сайтының басты бетінде жарияланды. Үндеуде айтылғандай, топ мүшелері бірлескен шығармашылықты тоқтату туралы шешімді қандай да бір келіспеушіліктер немесе ынтаның жоқтығынан, сондай-ақ денсаулық мәселелеріне байланысты емес, өз қалауларымен қабылдаған. Дуэт мүшелері топтың қызметін оның «нағыз шыңында» тұрған кезінде тоқтатқысы келді. Осылайша, Мег пен Джек өз топтарын «ерекше» етіп көрсететін сол қасиетті сақтап қалудан үміттенетінін жеткізді.
2025 жылы топ Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді.
Дискография
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Студиялық альбомдар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- The White Stripes (1999)
- De Stijl (2000)
- White Blood Cells (2001)
- Elephant (2003)
- Get Behind Me Satan (2005)
- Icky Thump (2007)
Концерттік альбомдар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Марапаттары
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Грэмми
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]| Жыл | Номинацияланған жұмыс | Санат | Нәтиже |
|---|---|---|---|
| 2004 | Elephant | Үздік баламалы музыкалық альбом | Жеңді |
| Жыл альбомы | Номинация | ||
| "Seven Nation Army" | Дуэт немесе вокалы бар топтың үздік рок өнер көрсетуі | Номинация | |
| Үздік рок әні | Жеңді | ||
| 2006 | Get Behind Me Satan | Үздік баламалы музыкалық альбом | Жеңді |
| "My Doorbell" | Дуэт немесе вокалы бар топтың үздік поп өнер көрсетуі | Номинация | |
| 2008 | Icky Thump | Үздік баламалы музыкалық альбом | Жеңді |
| "Icky Thump" | Дуэт немесе вокалы бар топтың үздік рок өнер көрсетуі | Жеңді | |
| Үздік рок әні | Номинация | ||
| 2011 | Under Great White Northern Lights | Үздік қорапты немесе арнайы шектелген басылым қаптамасы | Жеңді |
| Үздік музыкалық фильм | Номинация | ||
| 2017 | "City Lights" | Үздік америкалық дәстүрлі (Roots) әні | Номинация |
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Alan Siegel How The Song "Seven Nation Army" Conquered The Sports World. deadspin.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 қараша 2016. Тексерілді, 31 қазан 2016.
- ↑ Daniel Martin 20 Things You Might Not Know About "Seven Nation Army". NME. (13 мамыр 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 маусым 2018. Тексерілді, 31 қазан 2016.
- ↑ Steven Williams Jack White Explains The Truth Behind His Relationship With Meg White. contactmusic.com. (31 тамыз 2005). Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 қараша 2016. Тексерілді, 31 қазан 2016.
- ↑ Chuck Klosterman Meg and Jack White Talk Relationship Issues. Spin. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 қараша 2016. Тексерілді, 4 қараша 2016.
| Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: The White Stripes |
| ||||||||||||||||||
- Алфавит бойынша музыкалық топтар
- АҚШ рок топтары
- АҚШ альтернативті рок топтары
- АҚШ блюз-рок топтары
- Детройт қаласынан шыққан музыкалық топтар
- Грэмми сыйлығының иегерлері
- Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар
- MTV Video Music Awards жеңімпаздары
- MTV Europe Music Award иегерлері
- Warner Bros. Records орындаушылары
- Sub Pop орындаушылары
- Third Man Records орындаушылары
- V2 Records орындаушылары
- 1997 жылы құрылған музыкалық ұжымдар
- 2011 жылы тараған музыкалық ұжымдар
- Музыкалық дуэттер